Елбасының Токиодағы кадрлары жарияланды
Елбасының Токиодағы кадрлары жарияланды
121
оқылды

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапония императоры Нарухитоның таққа отыру салтанындағы суреттерін жариялады.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Императоры Нарухитоның ресми таққа отыру рәсіміне қатысуда», - деп жазды Үкібай өзінің Twitter парақшасында.

Еске салсақ бұған дейін Елбасының Жапония Үкіметінің шақыруымен осы елдің императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға баратыны айтылған болатын.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі өзінің парақшасында: «Таққа отыруына арналған ресми шара 22 қазанда Император сарайында болады. Сапар барысында Елбасы бірнеше екіжақты кездесу өткізеді», — деп жазды.