Үкімет басшысы Сума Чакрабартимен кездесті

Үкімет басшысы Сума Чакрабартимен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин Президенттің кеңесшісі – Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабарти мырзамен кездесу өткізді, – деп хабарлады primeminister.kz

Тараптар биылғы 21 қазанда болатын Реформалар жөніндегі жоғары кеңеске дайындықты, оның ішінде тұрақты әрі сапалы экономикалық дамуды қамтамасыз ету, стратегиялық жоспарлауды жетілдіру, сондай-ақ экономиканың түрлі секторларында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі бастамаларды талқылады.