Кітапханадағы өнер түні – 2019
Кітапханадағы өнер түні – 2019
165
оқылды

Қазанның 25-жұлдызында Алматыдағы С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында алғаш рет «Кітапханадағы өнер түні» шарасы өтеді. Кешкі сағат алтыда басталатын жиын түнгі он екіге дейін жалғасады.

Қала тұрғындарын 12 шығармашылық алаңқайда өтетін өнердің әр түрлі жанрлы және стильді бағыттағы шаралары күтуде.

Келушілерге Алматы қаласы әкімінің оркестр квартетінің әуені, қазақстандық кино және театр актерларымен кездесу, интерактивті алаң, шеберлік-сыныптары, ретрофото аймақ, «Аромат винила», театрландырылған қойылым, қолөнер жәрмеңкесі секілді қызықты бағдарламалар ұсынылады. Ал шытырман оқиғалармен әуестенушілерді кітап сақтау бөліміндегі құпия бөлмелерде квест-саяхат күтуде.