Президенттік жастар кадр резервінің үшінші кезеңі аяқталды
Президенттік жастар кадр резервінің үшінші кезеңі аяқталды

Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлердің қабілетін «Тестілеуді верификациялау» кезеңі аяқталды.

Тестілеудің  верификациясына қабілеттілікті тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 902 қатысушы жіберілді.

Бұл кезеңде вербалды және сандық тесттердің әрқайсысы 15 тапсырмадан тұрды. Үміткерлер тестілеуді онлайн-платформада өтті.

Іріктеуге қатысуға еліміздің жастарымен қатар, шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары жіберілді. Сағаттық белдеулердегі айырмашылықты ескере отырып, сондай-ақ барлық іріктеуге қатысушылардың қолайлығы үшін тесттерді демалыс күндері тапсыру және ол үшін өз бетінше ең қолайлы уақыт аралығын белгілуге мүмкіндік берілді.

Қатысушыларға орнынан тұруға, соның ішінде бөгде адамдардан қандай да бір заттарды қабылдауға немесе беруге тыйым салынды.  

Үміткерлердің тестілеуден өтуінің бейне және аудио фиксациясы аса маңызды шарт болды, өйткені кезең алдыңғы қашықтықтан қабілеттілікті тестілеуден өтудің адалдығын қайта тексеруді көздейді. Ол үшін 50 білікті маман қатысушылардың видеоларын бірнеше рет тексерді, қатысушылар тарапынан бұзушылықтар анықталған кезде акт толтыру көзделген. Актілер негізінде тәртіп бұзушылар шеттетіледі.

Верификация нәтижелері бойынша 22 қазан - 3 қараша аралығында өтетін келесі «Әлеуетті бағалау» кезеңіне өту мүмкіндігі шектеулі уақыт жағдайында сандық және мәтіндік материалдарды талдау қабілетін анықтауға арналған тестілер қорытындысы бойынша ең жақсы балл жинаған қатысушыларға ұсынылады.

«Әлеуетті бағалау» кезеңі 3 құрамдас бөліктен тұрады: эссе жазу, жобаны ұсыну, құзыреттерді бағалау. Эссе жазу және жобаларды таныстыру видео және аудио тіркеудің көмегімен pkrezerv.kz автоматтандырылған жүйеде онлайн түрде жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, іріктеуге қатысу үшін тіркеу рәсімінен 13212 адам өтті, оның ішінде қыркүйек айының соңына дейін 7312 үміткер тіркеу рәсімін толық аяқтады.

«Қабілеттерді тестілеуге» 5745 үміткер қатысты, тестілеуді верификациялауға 902 үміткер жіберілді.

Қатысушылардың басым бөлігі елордадан – 1379 адам, Алматы және Шымкент қалаларынан тиісінше 493 және 380 үміткер бақтарын сынайды.

Президенттік жастар кадр резервіне өткендер саяси және жоғары әкімшілік лауазымдарға, ұлттық холдингтар мен компаниялардың жоғары басқарушы лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік алады.

https://youtu.be/kenAcxbHixA