26 қазаннан бастап БАӘ, Германия мен Украинаға әуе рейстерінің саны қысқарады

26 қазаннан бастап БАӘ, Германия мен Украинаға әуе рейстерінің саны қысқарады

26 қазаннан бастап БАӘ, Германия мен Украинаға баратын/келетін әуе рейстерінің саны қысқарады, деп хабарлады Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігінен.

«2020 жылғы 26 қазаннан бастап келесі елдерге/елдерден халықаралық жолаушылар рейстерінің саны: Біріккен Араб Әмірліктері - аптасына 8 рейске; Беларусь – аптасына 5 рейске; Германия – аптасына 2 рейске; Украина – аптасына 2 рейске азайтылады», - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 19 қазандағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) картасына сәйкес эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескереді. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды: (термометрия, әлеуметтік қашықтық, бетперде кию, ПТР тестінің және т.б.) қатаң сақтай отырып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компаниялардың сайттарында жарияланатын кестеге сәйкес орындалады.