Ұлыбританиядағы ең үлкен отбасы жақында тағы да көбеймек. 44 жастағы Сью Рэдфорд YouTube сайтына ультрадыбыстық тексеруден өткен бейнежазбаны жариялады,–деп хъабарлады bbc.com.
Редфордтар отбасында қазірдің өзінде 21 бала бар – 11 қыз және 10 ұл. Тұңғыш ұлы Крис 1989 жылдың мамырында, анасының 14 жасында дүниеге келіпті. Ал 21-ші баласы Бонни Рэй есімді қызды былтыр босанған.
Bbc.com порталының жазуынша, Англия мен Уэльстің 1885 жылғы заңы бойынша, егер 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер өзара келісім бойынша қарым-қатынас жасаса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Анасы 22-сәбиін ұл болады деп күтіп жүргенін айтады.
Редфордтар кезінде Англияның солтүстік-батысындағы Ланкаширде сатып алған Виктория ескі үйінде тұрады. Қаржы жағынан, отағасы өзінің иелігіндегі наубайханасынан түсетін табысқа арқа сүйейді екен.
Елдегі ерекше әулет instagram-да және YouTube каналында отбасылық жаңалықтарын үнемі жариялап отырады.
Үйде мектеп формасы кешкі уақыттан бастап тазаланып, үтіктеледі. Бір үйден алты бала бастауыш мектепке барады. Қалған бесеуі орта мектепте оқиды. Отағасы Ноэль балаларын сабаққа микроавтобуспен жеткізіп салады.
Ноэлдің наубайханасынан түскен табыспен қатар, отбасына мемлекеттен апта сайын 170 фунт стерлинг (шамамен 220 доллар) беріледі.
Кешке қарай жуыну сағат 18.00-де басталады, алдымен ваннаға кішкентайлар түседі, бір сағаттан кейін ұйқыға жатады, ал ересектерінің ұйқытайтын уақыты кешкі 21.00. Бұл бұлжымас тәртіп.