8 өңірде ескерту жарияланды
8 өңірде ескерту жарияланды
5,107
оқылды
«Қазгидромет» РМК 21 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, Атырау облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысып, екпіні 15-20 м/с артады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күтіледі. Түнде және таңертең көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с артады. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с артады. 21, 22 қазан күндері тәулік бойы Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с күшейеді.