Сүлікті де Ресейден импорттайтын болдық
Сүлікті де Ресейден импорттайтын болдық
133
оқылды

Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданының орталығы Шетпеде сүлікпен емдеу-оңалту орталығы ашылды. Оны ашқан кәсіпкер, дәрігер Ерболат Құсымбаев «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы аясында мемлекеттен 3 миллион теңге қайтарымсыз грант алыпты.

Орталық күнделікті емхана қызметін де қоса атқарады.
«Емхананың бір ерекшелігі сол, мұнда ауданда бұрын-соңды болмаған тәсіл – сүлікпен емдеу әдісі қолданылады. Бізге ол сүлікті Ресейден арнайы сулы шүберекке орап, қалыпқа орналастырып әкеледі. Күн сайын олардың суын ауыстырып, күтімін жасаймыз. Ал емге пайдаланған соң сүлік науқастың көзінше спиртке салынып, өлтіріледі. Сонымен қатар сал ауруына шалдыққан науқастарға да ем жүргізіледі», – деді Е.Құсымбаев
Мәселен, церебральды сал ауруы бар науқастарға арналған арнайы киім науқастың денесін тік ұстауына, аяғын қозғалтып, басын көтеруге көп ықпал етеді екен.
«Ауданымызға жаңашылдық алып келдім деген ойдамын. Жүре алмайтын, қозғалуы қиын науқастарды Ақтау немесе Нұр-Сұлтан секілді ірі қалаларға жіберетін еді. Оған екінің бірінің жағдайы келе бермейді. Сондықтан аудан орталығынан ем жүргізуді қолға алдым. Алдағы уақытта тұзбен емдеуді де қолға аламын деп жоспарлап отырмын», – дейді орталық қожайыны.

Айхан ШӘРІП