Құрылыс жұмыстарымен танысты
Құрылыс жұмыстарымен танысты

«Nur Otan» партиясы облыс­тық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мү­шелері «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы ая­сын­да жүзеге асырылып жат­қан жобаларға зерделеу жұ­мыс­тарын жүргізіп, Қызылорда қаласы Жезқазған автожолы бойындағы 600 орындық мек­теп құрылысымен танысты.

Бүгінгі күнге 1-3-блоктары мон­таж­далып, төбе жабындылары са­лынып, қыш қалау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аудару ұсынылды. Мектеп құрылысының аяқталу мерзімі 2021 жылдың желтоқсан айына жоспарланды. Аталған топ «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы ая­сын­да жүзеге асырылып жатқан Қы­зылорда қаласы Е.Әуелбеков кө­ше­сінде орналасқан филармония ғимаратының құрылысымен таны­сып, бірқатар ұсынысын біл­дірді. Сондай-ақ Қызылорда об­лыс­тық Партиялық бақылау ко­мис­сиясының мүшелері тиісті са­ла­­лық мемлекеттік орган өкіл­де­рі­мен бірлесіп аталған нысан құры­лысына қайта зерделеу жұмыс­тарын жүргізді. Бүгінгі күні жер жұмыстары, ірге­тасын қалау, электр бағана­ларын көшіру жұмыстары толықтай біткен. Су жүйесіне қосу, қыш қалау, абат­тан­дыру жұмыстары 60-80 пайызға жасалған. Құрылыс нысанын 2020 жылдың 20 желтоқ­санында пайда­лануға беру жоспар­лануда. Кездесу барысында жұмысшы топ мердігер жұмысшылар тап­шылығын алға тартып, қосымша қызметкерлердің аса қажеттілігін жеткізді.  

Әбілмансұр ЖАСАН