Қ.Тоқаев құқық қорғау органдарына тапсырма берді
Қ.Тоқаев құқық қорғау органдарына тапсырма берді
190
оқылды

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен жиында еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің басшылығы, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, сондай-ақ Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігінің басшылары қатысты.



«Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қазақстандықтардың құқығын қамтамасыз ету мақсатында еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты күшейтудің айрықша маңыздылығын атап өтті. Президент ұлттық заңнамаларды түсіндіру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жандандыру қажет деп санайды»,– делінген Ақорданың ресми сайтында.