Өзге аймақта антициклонның әсерінен күн райы ашық болады.
Кей жерлерде жел күшейіп, батыс, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарда тұман, батыс және солтүстік-батыс аймақтарда түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін. Атырау облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейуді, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз жел 15 м/с күшейеді.Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жел күшейіп 15-20 м/с жетеді, тұман түседі, түнде және таңертең көктайғақ болуы ықтимал.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ке жетеді. Түнде ауа температурасы -1 градус суық болады.