«Реал» Зиданды отставкаға жіберіп орнына кімді қоятынын шешті
«Реал» Зиданды отставкаға жіберіп орнына кімді қоятынын шешті
208
оқылды

Испания чемпионатында «Реал» бір ұпайға «Барселонадан» қалып келе жатыр

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы испаниялық БАҚ-тар жарыса жазды. 

Егер мадридтік клуб «Галатасарайдан» жеңілген жағдайда француз маманы бас бапкерлік қызметтен кетуі мүмкін. Еске салсақ, қос команда бүгін Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында кездеседі.

Клуб президенті Перес француз маманының орнына бас бапкер етіп Жозе Моуриньоны тағайындауы мүмкін екен. Аталған маман бұған дейін де «Реалды» жаттықтырған. Қазір президент осы мәселе бойынша 56 жастағы маманмен келіссөз жүргізіп жатқан да көрінеді.

Қазіргі кезде Испания чемпионатында «Реал» бір ұпайға «Барселонадан» қалып келе жатыр. Ал Чемпиондар лигасындағы жағдайы керемет деуге келмейді. Соңғы үш ойында клуб бір мәрте тең ойнап, екі рет жеңіліп қалды.