Қақпашы ойынның 11 секундында алаңнан қуылды (видео)
Қақпашы ойынның 11 секундында алаңнан қуылды (видео)
244
оқылды

Бұл ойында оның командасы «Коньяспор» 0:2 есебімен жеңіліп қалды

Түркия чемпионатындағы матчтардың бірінде қызық жағдай болды. «Коньяспор» мен «Йени Малатьяспор» арасындағы кездесу дүрбелең оқиғамен басталды.

Қонақ команданың ойыншылары матчтың алғашқы секундтарында-ақ өз шабуылшыларына қарай пас асырды. Алаң иелерінің қақпашысы Серкан Қырынтылы өз қақпасынан шығып, шабуылды тойтаруға тырысқан. Алайда ол доптың ұшу траекториясын дұрыс есепке алмаған.

Айып алаңының сыртына шығып кеткен қақпашы допты ереже бойынша тоқтата алмайтынын кеш түсінеді. Ол қақпасын аман сақтау үшін допты қолмен тоқтатып алған. 

Төреші бірден оған қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуады. Бұл ойында оның командасы «Коньяспор» 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

https://youtu.be/811Y0j3MDE0