Пікір

Пікір

Nur Otan – еліміздегі жетек­ші партия әрі ол үлкен саяси күш­ке ие. Сол себепті біз әрқашан ха­лықтың жанынан табылуға тыры­самыз  

 
Нұржан ӘЛТАЕВ, Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі:

Ең бастысы – ел сенімі

– Nur Otan – еліміздегі жетек­ші партия әрі ол үлкен саяси күш­ке ие. Сол себепті біз әрқашан ха­лықтың жанынан табылуға тыры­самыз. Халықтың мұң-мұқ­тажын білу, мәселені шешу мақ­сатында кездесулерді жиі өткі­земіз. Әдет­те, кездесулер бізде еркін фор­мат­та өтеді және кейде қызу тал­қы­лау туғызып та жатады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткен­дей, болашақта бұл фор­маттын ауқымын ұлғайту керек, себебі заман талабы соны қа­лайды. Ұдайы халықтың орта­сынан табылып, сенімін ақтау, нақты нәтиженің куәсі болу – біздің басты мақсатымыз.

Өздеріңізге белгілі, Мәжілісте елге бір табан жақын болу үшін, ең алғашқылардың бірі болып «онлайн қабылдау» қосымшасын енгізген болатынмын. Бұл функ­ция біраз ілкімді істердің жарқын кепілі. «Онлайн қабылдау» сұрақ­тарға тиімді әрі жылдам жауап беруге мүмкіндік береді. Тәжі­рибе көрсеткендей, осындай жаңашыл­дықтар халық пен би­лік арасында мықты байланыс орнатты. Айта­лық, наурыз айын­да бір топ фер­мерлер қазақ­стандық ірі қара мал басын сатып алғанда, субсидия берілмейтіні жөнінде арызданды. Мен дереу бұл мәселені шешу мақ­сатында дөңгелек үстел ұйым­дастырдым. Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері және ауыл шаруашылығы мамандары қаты­сып, шешу жолдарын қарастыр­дық. Со­нымен қатар Ауыл шаруа­шылығы министрі С.Омаровқа депутаттық сауал жолданды. Нә­тижесінде, ағымдағы жылдың маусым айында заңнамаға өзгеріс енгі­зіліп, қазақстандық ірі қара мал басын сатып алған кезде 150 мың теңге көлемінде субсидия беріле бастады.

Елбасы төрағалық ететін пар­тияның басты мақсаты – ұлт Тә­уелсіздігінің тірегі болу, ел еге­мен­­дігін нығайтуға атсалысу. Қа­зіргі кезде Нұрсұлтан Әбішұ­лы­ның «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жобасы сәтті жүзеге асып, біртіндеп орындалуда. Жоспарда көрсетілген бөлімдер саяси тұлға­лардың жаңа бейнесін қалып­тас­тыруға арналған «кіріспе» іспетті.

Ирина УНЖАКОВА, Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі:

Экономиканы дамытуымыз керек

– Партияның біздің алды­мызға қойып отырған мақсаты мен тапсырмалары бар. Депу­тат­тар әрқашан халыққа жақын болып, өңірлердің жағдайын білуі керек. Өздеріңіз білесіздер, біз жүйелі түрде әрбір аймаққа барып тұра­мыз. Ол үшін арнайы график жа­салады. Осыған сәйкес, адам­дар­мен жүздесеміз. Мысалы, бү­гін Сол­түстік Қазақстан облысына бар­сақ, ертең Шығыс Қазақстанда бо­ламыз. Елбасы фракцияның ке­ңейтілген мәжілісінде бізді әр өңір­ге жауапты етіп бекітуді ұсынды.

Біз бірінші кезекте эконо­ми­каны дамытуымыз керек. Әр жанұяда отбасылық бюджет бар. Соны ұтымды, үнемді пайдалану маңызды. Нарықтық экономика шар­тына сәйкес, бұл – әркімнің жеке жауапкершілігіндегі дүние. Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы осы мәселені де баса айтты. Бюджеттің басым бөлігін инвестициялау керек.

Қазақстанның көлік сала­сын­да да әлеуеті жоғары. Біз бұдан жақ­сы табыс тауып жатырмыз. Мы­сал ретінде Қытайдан Еуро­паға баратын жүкті айтуға болады. Осы істі жалғастыру үшін сапалы жол, цифрландыру жүйесі және кедендік қызмет қажет. Оған әри­не, алдымен қаржы құю керек.

Александра КУЛЕШОВА, саясаттанушы:
 

 

 

Халық шенеуніктен жауапкершілік күтеді

— Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың басшылығымен өткен партия жиынында елдің көке­йінде жүрген мәселені тал­қы­лады. Елбасының төрағалығымен, Үкімет мүшелері, Nur Otan пар­тия­сы және оның Мәжілістегі фрак­циясы өкілдерінің қаты­суы­мен өткен кеңесте партияның «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақ­ты­лық. Жасампаздық» атты сай­лауалды бағдарламасы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуы талқыланды.

Оның ішінде, халық қалау­лылары халықпен етене жақын жұмыс жүргізбейтінін сынады. Олардың проблемасын жедел ше­шуді тапсырған Елбасы депутаттар аймақтарды аралаған кезде шешуі тиіс негізгі проблеманы атады.

Депутаттар ел ішіндегі кез кел­ген мәселеге байланысты БАҚ-та өз пікірін білдіріп, мәсе­лені ашық талқыласа, халық та ашынбайды. Олқылық кетіп жат­са, көпшіліктен кешірім сұрап, мәселенің мән-жайын түсіндірсе, проблема да дер кезінде шешіледі.

Халық шенеуніктерден жауап­кершілік күтеді. Әлеуметтік проб­лемалардың барлығы жауапсыз­дықтан туындап жатады. Өз са­ласында туындаған проблемалар үшін көпшілік алдында кешірім сұраса да, ел мәселесіне назар ­ау­дарғанына марқайып қалады. Аг­рессияға бармай, бейбіт ке­лісім­мен шешуге қарсылық та­нытпайды.

Сонымен қатар биліктің бар­лық сатысында жауапкершілік болса, халық айтқан проблемаға дер кезінде көңіл бөлсе, қорда­ланбайды. Айта кетерлігі, бұл тұста мемлекет пен жеке адамның өзара жауапкершілігі маңызды рөл атқарады.

Сондықтан біз әрқайсымыз азаматтық жауапкершілікті сезіне білгеніміз жөн. Оның ішінде ұлттық құндылығымызды қорғап, жобаларды барынша тиімді іске асыруға, азаматтық сананы да­мы­ту, қалыптастыруға және өз айма­ғы мен елінің мәселелерін шешуге жауапты азамат қалыптастыруға ұмтылса, ұтарымыз көп.

Ерлан АХМЕДИ, Nur Otan партиясы Қоғамдық саясат институты Бағдарламалар және жобалар бөлімінің аға сарапшысы:

Азаматтардың мәселесін шешкен жөн

— Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың төрағалығымен, Үкімет мүшелері, Nur Otan партиясы және оның Мәжілістегі фрак­циясы өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Жиында партияның «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақ­ты­лық. Жасампаздық» атты сай­лауалды бағдарламасының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспа­ры­ның іске асырылуы талқыланды.

Мәжілістегі партия фрак­ция­сының жұмысын жандандыруға Елбасы тапсырма берген болатын. Мәжілістегі мандаттардың басым бөлігі Nur Otan партиясынан құ­ралған. Партия жетекшісі фрак­ция халықпен етене жақын жұмыс істеу керегін айтты.

2017 жылы елімізде саяси мо­дернизация жүргізілді. Елба­сы­ның бастамасымен Конститу­цияға өз­герістер енгізілді. Конс­титуциялық реформа аясында билік тармақтары арасында өкі­леттіктер қайта бө­лінді. Пар­ла­менттің рөлі күшейді. Сондықтан Парламенттегі партия фракция­ларының да рөлі күшейеді. Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген оты­рысында фракция депутат­тары­­ның жұмысын сынға алды.

Бірақ депутаттар мүмкін­дік­терін толығымен пайдаланбайды.

Партия Төрағасы мұны да атап өтті. Оның айтуынша, фрак­ция депутаттары іс жүзінде өзде­ріне Конституциямен бекітілген мүмкіндігін толық пайдалануы тиіс. Депутаттар — партияның ті­регі, белсенді электораттың бас­тамашысы. Азаматтардың мәсе­лелерін шешу үшін жұмыс істеуі керек. Партия Төрағасының ес­кер­тулерін ескере отырып, депу­таттар елмен тығыз байланыста жұмыс істеп, мәселесін тікелей шешкені жөн. Қиын жағдайда да халықтың жанынан табылуы тиіс.

Владимир ТЕЛЬНОВ, Nur Otan партиясы Қоғамдық саясат институты Әлеуметтік зерттеулер бөлімінің кеңесшісі:

Ұлт жоспары сәтті жүзеге асып жатыр

– Nur Otan партиясының «Қа­зақ­­стан – 2021: Бірлік. Тұрақ­ты­лық. Жасампаздық» атты сайлауал­ды бағдарламасы мен «Бес инс­титу­ционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын сәтті жүзеге асыру – Қазақстандағы тұрақтылық пен халық бірлігінің кепілі.

18 қазанда Елбасының төра­ғалығымен Үкімет мүшелерінің, Nur Otan партиясының және Пар­ла­мент Мәжілісі фракция­сының қатысуымен өткен оты­рыста ел тағдыры үшін шешуші ма­ңызы бар осы екі құжатты ойдағыдай іске асыру бойынша үш жарым жылдық жұмыс қорытын­дысы шығарылды.

Партияның сайлауалды тұ­ғыр­намасының барлық бағыты ең өзек­ті мәселені шешуді қамтиды. «Нұр­лы жол» бағдарламасын жүзе­ге асыру ұлттық экономиканы да­мы­тудың және оны әлемдік жүйеге енгізудің негізгі қаңқасы болды. Кө­лік инфрақұрылымын, соның ішінде республикалық және жер­гі­лікті маңызы бар автомобиль жол­дары желісін, теңіз порты инфра­құ­рылымын және әуежай­ларды ке­ңейту жұмыстары жүр­гізіліп жатыр.

«Нұрлы жол» бағдарламасының ЕАЭО елдері жоспарымен үйлесуі және «Бір белдеу – бір жол» бағ­дарламасы Қазақстанды Еуропа мен Азия арасындағы тиімді трансқұрлықтық көпірге айнал­дырды. Оңтайлы теміржол желісі толығымен қалыптасты. Сонымен бірге Қытай мен Еуропа арасын­дағы контейнерлік транзит көлемі жыл сайын 2 есеге артып келеді.

Экономика салаларын цифр­ландыру шеңберінде ел үшін басты отын-энергетикалық және тау-кен металлургиялық кешендеріне жаңа технологиялар енгізіліп жа­тыр. Мұнда кәсіпорындарды тех­нологиялық қайта жарақтандыру 4.0 Индустрия элементтерін қол­дана отырып жүргізіледі.

Бағытталған экономикалық қайта құру барлық отандық МӨЗ-ді жаңғыртуды толығымен аяқ­тау­ға, жылына 500 мың тонна қуат­пен полипропилен өндіретін зауыттың құрылысын және қуаты 1 млн 250 мың тонна полиэтилен өндіру жө­ніндегі жобаны іске асыру үшін дайындық жұмысын бастауға мүм­кіндік берді. Жалпы, 2016 жылдан бастап қазіргі уа­қытқа дейін елдегі өнеркәсіп көлемі 15,7% -ға, өңдеу өнеркәсібі 16,3% -ға өсті.

Балама энергетика белсенді дамып жатыр. 2016 жылдан бастап ЖЭК қуаты 3,7 есе өсті және осы жылдың соңына қарай 87 объектіде 1 041 МВт, ал 2024 жылға қарай 3 мың МВт болады.

Халық саны 250 адамнан аса­тын 3 324 ауылдық елді мекен (79%) кеңжолақты интернетке қо­лы жетті. Қалған ауылдар мұн­дай интернетке 2020 жылы қосылады.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша қабылданған шаралар ішкі нарықтың азық-түлік тауарының негізгі түрлеріне сұранысын орта есеппен 80% -ға, ал кейбір позициялар бойынша 100% қанағаттандырды.

Партияның сайлауалды бағ­дарламасына сәйкес мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындайды. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы әзірленеді. 2016-2018 жылдары 34 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін тағы 13 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй бағдарламасы дайын болады. 2030 жылға қарай біз БҰҰ-ның тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі стандартына (30 ш. м.) қол жеткіземіз.

Барлық қабылданған шаралар өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы­на әкелді. 2016 жылы өмір сүру ұзақ­тығы 72,4 жасты көрсетсе, 2018 жыл­дың қорытындысы бо­йынша – 73,1 жас, 2008 жылы 67,1 жасты көрсеткен. Өлім 10 жыл­да 27%-ға төмендеді.

2020 жылдан бастап респуб­ли­каның барлық қала мекте­бін­де міндетті әлеуметтік ме­ди­циналық сақтандыру мен жан басына шаққандағы қаржылан­дыруды толық ауқымды енгізу басталады.

Нәтижесінде, осы жылдың 9 айында ұлттық өсу қарқыны 4,3%-ды құрады. Дүниежүзілік эконо­ми­калық форумның жаһандық ­бә­с­е­кеге қабілеттілік индексін­дегі Қа­зақстанның позициясы 59-орын­нан 55-орынға жылжыды. Ұлттық көрсеткіштер макроэко­номикалық тұрақтылық (62-ден 60-қа дейін), инфра­құ­рылым (69-дан 67-ге дейін), бизнес ди­намикасы (37-ден 35-ке дейін) және еңбек нарығы (30-дан 25-ке дейін) бойынша өсті.

Қоғам мен мемлекеттегі тү­бегейлі өзгерістер бес институттық реформаны іске асыру бо­йынша 100 нақты қадамның арқа­сында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 58 қадам орындалды. 39-ы ұзақ­мерзімді сипатқа ие, 3 қадам «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңі міндеттеріне жауап беретін 76 заң мен 500-ден астам құқықтық акті қабылданды.

Nur Otan партиясының сай­лауалды бағдарламасы мен Ұлт жос­парын сәтті жүзеге асыру – Қа­зақстанның бүгінгі және бола­шақ­тағы қарқынды әрі сапалы дамуы­ның берік және тиімді негізі.

Ақбота МАМАЖАНОВА, Nur Otan партиясы Қоғамдық саясат институты Мониторинг бөлімінің сарапшысы:

Екі билік жоқ, екі сөйлеу жоқ

– Парламенттің тарихында пар­­тия фракциясының отырысына Тұңғыш Президент – Елбасының қатысуы бұрын-соңды болған емес. Бұл – бір жағынан, партия ықпалының арта түсуін білдірсе, екінші жағынан, партиялық тізім арқылы сайланған депутаттар­дың жауапкершілігі күшейгенін көрсетеді.

Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың төрағалығымен Үкімет мүшелерінің, Nur Otan партия­сының және Парламент Мәжілісі фракцияларының қатысуымен өткен жиыннан соң, партияның сайлауалды бағдарламасы мемле­кеттік маңызға ие стратегиялық құжаттарға негіз болуы керек екені айқын болды.

Ең бастысы, Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда соңғы кезде желдей ескен саяси билікке қа­тысты алып-қашпа әңгімеге тоқтау салды: «Бүгінгі таңда біздің пар­тияның алдына елдегі сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төңірегіне қоғамды біріктіру, эли­таны тұтастыру міндеті тұр. Партия елдің жетекші саяси күші ретінде мемлекетіміздің дамуының стра­тегиялық бағытының сабақтас­тығын қамтамасыз етуге міндетті. Сондықтан Үкімет пен фракция адамдардың нақты мәселелерін бірге шешуі керек», – деді Елбасы.

Бұдан кейін партияның ық­пал-беделі Парламенттегі фракцияның және жергілікті мәслихат депу­таттары жұмы­сының тиімділігі бойынша баға­лануы тиіс. Расында, қазіргі Мә­жіліс депутаттары қо­ғамдық-сая­си мәселелер бойынша пікір біл­діруге, саяси пікірталас жасауға, қоғамдық пікірді ұйытуға құлық­сыз. Ал қарапайым сайлау­шылар халық қалаулыларының жұмысын олардың бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желідегі аккаунттары арқылы ба­қылай­ты­ны, оларға жария ақпарат арқылы баға беретіні түсінікті.

Елбасы маңыз берген тағы бір мәселе – Парламенттің заң шығару функциясы, анығын айтқанда, депутаттардың заң жобаларын жасауға белсенді түрде атсалысуы, бастама көтеріп, жаңа заңдардың жазылуына мұрындық болуы. Парламент тарихында депутат бастамасымен қабылданған бірлі-жарым заң ғана бар, оның бірі – 1997 жылы Әкім Ысқақ ұсынған «Көші-қон саясаты туралы» заң. Одан басқа некен-саяқ мысалдар бар шығар, бірақ депутаттардың заң жобасын дайындау ісінде көбіне Үкімет ұсынған құжатты түзетуден, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас ал­май­тыны белгілі.

Фракция отырысының нәти­жесі – партиялық тізіммен сайлан­ған депутаттардың құзыреттік және қызметтік белсенділігінің артуы болса, құба-құп. Себебі 900 мыңға жуық мүшесі бар партияның 83 өкілі ең басты заң шығарушы органда отыр. Қоғамның түрлі топтарының мүддесін қорғауды көздеген партия Парламентке ең білікті, білімді өкілдерін жіберуі тиіс. Егер қазіргі депутаттар айтыл­ған сыннан сабақ алмаса, алдағы Парламент сайлауынан соң пар­тия­лық тізім толықтай жаңаруы ғажап емес. Есесіне, бұл күшті Пар­ламент құруға бастайтын даң­ғыл жол.

Тұрақты өсуге бет алған мем­лекетте екі билікке жол жоқ. Саяси ықпалын өсіруге бет алған партия үшін екі сөйлеу жоқ.