Менің туым – менің Отаным!

Менің туым – менің Отаным!

Шымкент қаласындағы Shymkent Plaza сауда, ойын-са­уық орталығында осындай тақырыпта рес­пуб­ли­ка­лық патриоттық акциясы өтті.

Елімізде Nur Otan партиясы­ның бастамасымен мемлекеттік рәміздерді насихаттау және жас­тар­ды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Менің Туым – ме­нің Отаным» атты республи­ка­лық пат­риоттық акциясы басталған. Shymkent Plaza-дағы акцияның өтуіне Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы ұйыт­­қы болды.

Республикалық маңызды шара­ға Nur Otan партиясының Шым­кент қалалық филиалы тө­ра­­ғасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев пен қала мәсли­ха­тының депутаттары, қалалық ішкі саясат және дін істері басқар­ма­сының басшысы Жанар Бектаева, мемлекеттік мекеме бас­шылары, Jas Otan Жастар қана­тының белсенділері қатысты.

Шараға қатысушылар мем­ле­кет­тік Туды салтанатты түрде көте­ріп, Әнұранды шырқады.

 

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы