Өткен жылдың 10 қарашасында елорданың сол жағалауында (соынң ішінде Ақорда, Парламент Мәжілісі, Министрліктер үйі, Үкімет үйі, Жоғарғы сот, Сенат) жарықсыз қалған болатын. 21 қазанда елорданың №2 Есіл аудандық соты алты айыпталушыға үкім шығарды.
Соттан хабарлағандай, "Сол жағалау" шағын стациясының жетекшілері Мұсабаев Б.А., Жұмағұлов Ж.К., мердігер ұйымның басшылары Еденбаев М.Б., Сасбухаев Б.У. құрылыс-монтаж өлшемдерінде өрескел қателік жіберген. Жобада ауытқылар болған, жобада қателіктер болған, құрылыс кезінде жанатын полиэтилен құбыры қолданылған. Авторлық және техникалық бақылауға жауапты Морошан В.Г. және Мұхамедалин Х.А. жасырын жұмыстарды куәландыру актілеріне қол қойған. Айыптылардың мемлекетке келтірген шығын көлемі 68 миллион теңгеден асты. Олардың кінәсі сараптама қорытындысымен дәлелденді. Сотта олардың кәнісін мойындамай, шығынды өтемегені айтылды. Мұсабаев, Жұмағұлов, Еденбаев, Сасбухаев құрылыстың сапасы нашар жұмысы үшін (ҚР ҚК 278 бабы 2 бөлімі) кінәлі деп танылды. Төртеуі де екі жылға сотталды. Мұхамедалин, Морошан инженерлік қызметтерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін (ҚР ҚК 280 бабы 1 бөлігі) айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.Еске сала кетейік, апат 2019 жылғы 10 қарашада болды. Орталық электр қуатымен жабдықтау жүйесінен Ақорда, Үкімет үйі, Жоғарғы сот, Пармамент Сенаты мен Мәжілісі, Министрліктер үйі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі, «Байтерек» монументі ғимаратында және бірнеше тұрғын үй кешенінде жарық өшіп қалды.
Келесі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тергеу жүргізуді талап еткен болатын.