Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев әлеуметтік желіде жариялаған жазбасына лайк басып, пікір жазбаған әріптестеріне ренжулі екенін айтты.
Желі қолданушылары оны қолдап, әріптестері оны оқып тұратыны айтып, ренжімеуін өтінді.«Мен әрдайым әріптестерімнің жазбасына қолдау білдіремін. Лайк басып, репост жасап, пікір жазамын. Неге екені белгісіз, әріптестерім алқабилер сотына қатысты маған қолдау көрсетпеді. Енді мен де оларға қолдау білдірмеймін», - деп жазды судья.