Қыркүйектен бері 250 бала коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін 12 өңірде коронавирус өршігенін жазған болатынбыз.«Оқу жылы басталғалы бері 250 жағдай тіркелді. Кезекші сыныптарда 105 бала коронавирус жұқтырған. 1426 адам байланыста болған. 19 адамның жұқтырғаны анықталды. Қашықтан білім алатын 145 оқушы індетті жұқтырған. 345 байланыста болған адамның арасында 22 оң жағдай анықталып отыр», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.