Жайылып жүрген сиырды атып, сойып алған күдіктілер ұсталды
Жайылып жүрген сиырды атып, сойып алған күдіктілер ұсталды
114
оқылды
Қостанайлық полицейлер біреудің сиырын атып, сойып алған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Науырзым ауданының полиция бөліміне 8 қазанда Дәмді ауылынан 15 шақырым жердегі жайылымда жергілікті тұрғынға тиесілі сиырдың терісі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Келтірілген шығын сомасы 300 мың теңгені құрады. Аталған факт бойынша жағдайларды анықтау барысында бақташы полицияға мал жоғалған уақытта сұр түсті жол талғамайтын көлікті көргенін айтқан. Ізін суытпай ірі қара мал ұрлады деген күдікпен Қарасу ауданының екі тұрғыны ұсталды. Полицейлер күдіктілерді Октябрьский кентіндегі өз үйлерінде құрықтады. Күдіктілердің айтуынша, олар 8 қазанда  сағат 10:00-де “Land Cruiser Prado” маркалы автокөлігімен аң аулауға шыққан. Олар Науырзым ауданының Дәмді ауылына қарай бағыт алған. Аңшылар сағат 17:00 шамасында жайылып жүрген 7-8 бас сиырды көрген. Жақын маңда ешкім жоқ екенін байқап, олар бір сиырды атып, сол жерде сойып алған.
"Мал иесі полицияға дереу хабарлаған соң қылмысты ізін суытпай ашуға мүмкіндік туды. Ұрланған малдың еті иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-1 -бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Мал ұрлығы) бойынша тергеу амалдары өткізілуде", – дейді Науырзым ауданы полиция бөлімінің бастығы Орал Баймурзин.