Қазақша жазуды талап еткен тұрғын соттасып, жеңіске жетті – «Қыпшақтағы» дау
Қазақша жазуды талап еткен тұрғын соттасып, жеңіске жетті – «Қыпшақтағы» дау
571
оқылды

«Ұлтаралық араздықты қоздырып жатырсың» деп ұлардай шулады

  [caption id="attachment_81632" align="aligncenter" width="1200"]Қыпшақ Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қыпшақ" тұрғын үй кешені. Фото: Интернеттен алынды[/caption] «Нұр-Сұлтан қаласы Кенесары көшесі 70-үй «Қыпшақ» тұрғын үй кешенінде тұрамын. «Қыпшақтың» коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша «Орда Тазалық 777» ЖШС қызмет көрсетеді. Аталған мекеме тұрғындарға арналған хабарландыру, түбіртектерді осы уақытқа дейін орыс тілінде ғана жазып жүрді. Осы жылдың басында мекемеге барып, хабарландыруларды қазақша жазу керегін талап еттім. Олар болса маған: «провакация жасап, жоқ жерден шу шығарып, «ұлтаралық араздықты қоздырып жатырсың», өзің шенеуніксің, мемлекеттік қызметте жұмыс істейсің, қызметіңді асыра пайдаланып отырсың (Сәкен Есіркеп – Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшының орынбасарыред.)» деп видеоға түсіріп, аудиожазба жазып, шу көтерді. Құқымның бұзылғанын айтып, Тұтынушылар одағына шағымдандым. Содан кейін ғана маған түбіртекті қазақ тілінде жазып берді. Арада көп уақыт өтпей жатып түбіртекті қайтадан орыс тілінде жазды», – дейді қала тұрғыны.

Көп ұзамай қайтадан орысша жаза бастады

«Араға уақыт салып, пандемия қарқыны бәсеңдеген тұста – қыркүйек айында мекемеге барып, қазақ тілінде жазуды қайтадан талап еттім. Олар болса «Мен де сол үйдің тұрғынымын. «Қайда барсаң, онда бар, өзім білем...» деп айқайлады. Онымен қоймай, Facebook-тегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында мені қаралаған арнайы жазба жариялады.  width=    width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=

 

ПИК өкілдері Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне, Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне ресми арыз жазып, шағымданған.

Осыдан кейін жұмыста «Бұл не шу?» деп шақырды (Сәкен Есіркеп –  Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшының орынбасарыред.). Мен оқиғаның мән-жайын түсіндіріп айттым. ПИК өкілдері бас жаққа барысқан соң, Сарыарқа аудандық азаматтық сотына талап-арыз жібердім. Айғақ, дәлелімді қоса жолдадым. Құқығымды қорғауды талап еттім. Тұтынушы ретінде талабым орынды, іс-әрекетім заңды болғандықтан «Орда Тазалық 777» ЖШС-ның үстінен сотқа талап-арыз түсірдім. Айқай-шу, дабырамен өз дегенінен танбайтын ПИК (КСК) өкілдерінің судьяның алдында менің нақты дәлелдерімді көріп, тәубесіне түсіп, жүні жығылып, кінәсін мойындады. Олар медиатр судьяның алдында менен кешірім сұрауға уәде берді. Бірақ уәдесін уақытында орындамаған соң, осы дүйсенбіде сотқа қайта арыздандым. Табандылығымның нәтижесінде, менен кешірім сұраған жазбасын Facebook-та жариялады.  width= Меніңше, әр азамат өз құқын қорғай отырып, мемлекеттік тілде ақпарат алуға хақы бар. Соны талап етуіміз керек», – дейді «Қыпшақ» тұрғын үй кешенінің тұрғыны Сәкен Есіркеп.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін #Jamyragat: Қазақша жаз! деп Қазақстанда мемлекеттік тілде жазуды міндеті деп санамайтын шетелдік компаниялардан қазақша жазуды, қазақша ақпарат алу құқын талап еткен азаматтар жайында жазған болатынбыз.

*Ескерту: Материалда қолданылған фото, (Facebook-тан алынған скриншот) Сәкен Есіркептің Facebook-тағы парақшасынан алынды.