«Сапа мен бағаны қадағалайтын мониторингтік топтардың жұмысы тиімсіз» – Даниал Ахметов
«Сапа мен бағаны қадағалайтын мониторингтік топтардың жұмысы тиімсіз» – Даниал Ахметов

Сондықтан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов коронавирустың таралуына тосқауыл қою үшін мобильді топтарға рейдтік шараларды күшейтуге тапсырма берді.

«Коронавирустың екінші толқынына дайындық шаралары бойынша қалалар мен аудандардың әкімдерімен жиналыс өткіздім. Ең алдымен мониторингтік топтардың тиімсіз жұмысы туралы айтқым келеді. Олар жүргізген тексерулер формальды сипатқа ие. Мәселен, 3970 тексеру жүргізіліп, 225 хаттама толтырылған. Сондықтан ШҚО Полиция департаменті бұл жұмысты күшейтуі қажет. Бір апта ішінде әкімдер мен бас дәрігерлер ауруханаларды қажетті жабдықтар және препараттармен жабдықтау жағдайы туралы жеке-жеке баяндайды. Науқастарды КТ-дан өткізу үшін, әсіресе, ауылдық жердегі азаматтарды жеткізу кестесін пысықтауды тапсырдым», – деп жазды Даниал Ахметов Facebook-тағы парақшасында.

Әкімнің айтуынша, жуырда медицина қызметкерлерінің жұмысын жандандыру үшін семинар өтеді.

«Cондай-ақ оқшаулау орталығының 112 тергеу тобын құру туралы өкімге қол қойдым. Бұл топтардың мақсаты – науқастар мен байланыста болған азаматтарды іздеу және оқшаулау. Қажет болған жағдайда локализация орталығы топтарының жұмысына дәрігерлердің мобильді бригадаларын қосамыз», – деді облыс әкімі.