Бүгін Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады
Бүгін Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады
5,144
оқылды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

Бүгін сағат 11.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады. Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және т.б. мәселелер қаралады. Отырыс Президенттің Баспасөз қызметінің  Facebook-тағы AkordaPress парақшасында көрсетіледі.