«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшылары ел болашағы үшін маңызды саналатын Парламент Мәжілісі депутаттарының алдағы сайлауының маңыздылығы туралы айтып берді.
«
Рухани жаңғыру» Басқармасы Төрағасының орынбасары, саяси ғылымдар докторы Әсем Қайдарованың пікірінше, алдағы сайлау бұған дейінгілерден түбегейлі өзгеше болады.
– Мәжіліс депутаттарын сайлау елдегі азаматтық қоғамның белсенділігінің артуымен сәйкес келіп тұр. Бұл алдағы сайлау бұрынғыға қарағанда өзгеше болатынын көрсетеді. Қазақстандық қоғам да бұдан оң өзгерістерді күтеді. Жаңа үрдістер, жаңа бағыт, елдегі өзгерістер, жалпы осылардың барлығы сайып келгенде жаңа жарқын бастамаларға жол ашады, – деді Әсем Қайдарова.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті
сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді, ал келесі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.