Қазақ пен жапонның бір-біріне ұқсастығы қатты таң қалдырады - Елбасы
Қазақ пен жапонның бір-біріне ұқсастығы қатты таң қалдырады - Елбасы
218
оқылды

Қазақстан мен Жапония алыс көрші болса да, жақын дос. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Цукуба университетінің құрметті докторы атағын беру шарасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда ғылымды қажетсінетін экономика құру үшін екі интеллектуалды-инновациялық кластер - Назарбаев Университетінің «Астана бизнес кампус» хайтек-паркі мен Алматы қаласындағы «Алатау» технопаркі жұмыс істеп тұр. Нақты ғылыми-өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін жұмысқа жоғары технологиялық компаниялар мен университеттер тартылуда. Елімізде білім культінің қоғамның ажырамас бөлігіне айналғанына қуаныштымыз», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.
Елбасы тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктеріне тоқталып, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласын салуда жапондық сәулетшілердің көп көмегі тигенін атап өтті. «Цукуба Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ғылыми, академиялық және білім салаларында ынтымақтастықты жолға қойған, білемін. Қазақстандық технологиялық парктермен кооперацияға қосылуға шақырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Тұңғыш Президент шараға қатысушыларды император Нарухитоның таққа отыруымен және Жапонияда «Рейва» дәуірінің орнауымен құттықтады. Осы уақыт қазақстандық-жапондық қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін берекелі болатынына сенім білдірді. «Біз алыс көрші болсақ та, өте жақын доспыз. Осы жерде біздің музыкамыздың, ән салуымыз барынша үндес келетіні айтылды. Қазақ пен жапонды айыру өте қиын. Біздің бір-бірімізге ұқсастығымыз таң қалдырады. Бұл да археологиялық тұрғыда зерттеуді қажет етеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.