Коронавирусқа қарсы вакцина сынағына қатысқан 28 жастағы жігіт қайтыс болды
Коронавирусқа қарсы вакцина сынағына қатысқан 28 жастағы жігіт қайтыс болды
Бразилияда Оксфорд университеті мен  AstraZeneca фармацевтикалық компаниясы ұсынған коронавирусқа қарсы вакцинаның сынағына қатысқандардың бірі  15 қазанда қайтыс болды, деп жазады РЕН ТВ. 28 жастағы жас жігіт коронавирусқа шалдыққандарға арналған қарқынды терапия  бөлімінде жұмыс істеген.  Өлім себебі коронавирустан кейінгі асқыну болып отыр. Вакцинаның қауіпсіздігін бағалау бойынша халықаралық комитет бұл ақпаратты Ұлттық санитарлық бақылау агенттігіне жіберді. Бразилияда вакцинаның сынағына сегіз мың адам қатысқан. Қыркүйекте АҚШ-та AstraZeneca британдық-шведтік компаниясы жүргізген коронавирусқа қарсы вакцина сынағы тоқтатылған болатын.Б ұған Ұлыбританияда сынаққа қатысушылардың бірінде теріс реакция пайда болуы себеп болды. Еске сала кетейік, бұған дейін Microsoft корпорациясының басшысы Билл Гейтс әлемде коронавирус жұқтыру деректері осы жылдың аяғында күшейеді, бірақ 2021 жылдың басында жағдай жақсарады деген пікір айтқанын жазған болатын.