Адамның бұрын белгісіз болып келген мүшесі табылды
Адамның бұрын белгісіз болып келген мүшесі табылды
148
оқылды

Медицина қызметкерлері 300 жыл ішінде алғаш рет адамның жаңа мүшесін тапты, - деп жазылған Radiotherapy and Oncology журналында.

Бұрын бұндай мүшенің бар екенін ешкім білмеген. Сілекей безінің төртінші жұбы табылды.

Без бас сүйегінің ортасында орналасқан. Оның бұлай орналасуынан оны әлі күнге дейін ешкім байқамаған. Басылымның жазуынша, жаңалық мойны мен тамағында, қуық асты безі мен несеп жолында қатерлі ісік бар пациенттерге сәулелі терапияның әсерін зерттеу кезінде ашылды.