Асқар Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша жобалық кеңсе отырысын өткізді
Асқар Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша жобалық кеңсе отырысын өткізді
104
оқылды
Премьер-Министр Асқар Мамин Жобалық кеңсенің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі отырысын өткізді, - деп жазады primeminister.kz. Өңірлердің экономикалық картасын әзірлеу, «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын іске асыру, жеңілдікпен несиелендірудің басқа да бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс барысы, мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту мәселелері қаралды. Отырысқа Үкімет мүшелері, ҚР Президент Әкімшілігінің өкілдері, өңірлердің әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Даму» КДҚ», «Аграрлық несие корпорациясы», Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының басшылары және т. б. қатысты. Үкімет басшысына өңірлердің өндірістік мамандануын айқындауға, өңірлер, салалар және нақты мемлекеттік бағдарламалар бөлінісінде мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне талдау жүргізуге мүмкіндік беретін өңірлердің Интерактивті экономикалық картасының жобасы таныстырылды. Интерактивті экономикалық карта үшін барынша толық деректерді Қостанай, Қарағанды облыстарының және Шымкент қаласының әкімдіктері ұсынған, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы мәселені жеткілікті пысықтап жатқан жоқ.
«Өңірлердің интерактивтік экономикалық картасы 2021-2025 жылдарға арналған Өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болуы тиіс. Кезең-кезеңмен деректерді өзектендіруді қамтамасыз ету қажет. Жобалық кеңсе әкімдіктер мен даму институттары үшін көрсеткіштердің түпкілікті тізбесін айқындауы қажет», — деді А. Мамин.
Ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына түзетулердің 6-топтамасы күшіне енді, олар экономикалық белсенділікті қалпына келтіруде елеулі қолдау көрсетуге бағытталған.