Jas Otan студенттік жатақханаларға мониторингті Ақтаудан бастады
Jas Otan студенттік жатақханаларға мониторингті Ақтаудан бастады
140
оқылды

Jas Otan жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалының бастамасымен Ақтау қаласы бойынша студенттерге арналған жатақханаларға мониторинг жүргізілді.

Негізінен әлеуметтік нысандардың сапасы, жағдайы, қыс маусымына дайындығы мен жүргізілген құрылыстың нәтижесі қаралды. Мониторингтік топтың құрамында жастар қанатының белсенділері, Ақтау қалалық мәслихатының депутаттары бар. Мониторинг алдымен Х.Өзбекғалиев атындағы политехникалық колледжінің №5 жатақханасын қараумен басталды. Жатақхана 180 орындық. 2019 жылы мониторинг қорытындысы кезінде аталған жатақханада олқылықтар анықталып, сын-ескертпелер айтылған еді. Биыл сол ескертпелер қалпына келтірілген. мониторинг
– Жол картасы аясында жатақхана ағымдағы жөндеуден өтті. Қазіргі таңда барлық студенттер үшін жағдай жасалды. Студенттер үшін кір жуатын бөлме, дәмхана, асхана, оқу залы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, жууыну бөлмесі бар. Пандемия бітіп оқу дәстүрлі түрде жалғасатын болса, біз студенттерді қабылдауға дайынбыз, – дейді колледж директоры Зарипа Шолтанова.
Келесі жатақхана 180 адамға арналған жекеменшік жатақхана. Әр қабатта демалатын орны, ас үйі орналасқан. Студенттердің  сабақ  оқып, демалуына толық жағдай жасалған. Нысан иесі алдағы уақытта ғимарат алдынан, студенттерге арнап спорт зал салуды жоспарлап отыр.  Бірақ, құжаттары дұрыс емес екен. Нысан иесі жауаптылардан осы мәселені шешіп беруін сұрайды.
 – Негізі осы жатақхана айналасындағы жер маған тиесілі. Мен жерді сатып алғанда, жатақхана аумағына кіретін жерді мемлекет жалға беріп қойғанын айтты. Содан соң, өзіме қайтып беріледі деген болатын. Бірақ, жалға алған тұлға жерді сатып жіберген. Енді, сатып алған тұлға жерді маған бермей отыр. Бұл ғимаратты 3 жыл бұрын несие алып, жөндеу жүргізіп, жатақхана етіп қалыпқа келтіріп алдым. Ғимарат алдындағы жер бос тұр, егер маған берілсе мен сол жерге спорт зал салғым келеді. Осы мәселені маған шешіп беруін сұраймын, – дейді жеке кәсіпкер Шамшадин Гусейнов.
Мониторинг алдағы уақытта Жаңаөзен қаласында, Қарақия ауданында жалғасатын болады. Бұл туралы Jas Otan жастар қанаты МОФ төрағасы Н.Мағдатов мәлімдеді. Айта кетер жайт, 2019-2020 оқу жылының басында Jas Otan жастар қанаты «Адалдық алаңы» және құзыретті органдармен бірлесіп еліміз бойынша 270 ЖОО және 375 колледждерінің жатақханаларын тексерген болатын.