ҰҚК Алматы облысында ұшақты басып алу сәтін көрсетті
ҰҚК Алматы облысында ұшақты басып алу сәтін көрсетті
207
оқылды

22 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында «Спрут-2020» кешенді жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

"Оқу-жаттығудың мақсаты терроризмге қарсы іс-шараларды өткізу және төтенше жағдайларды, Мемлекеттік шекараны жаппай заңсыз кесіп өтуді оқшаулау ықтималдығы кезінде бірлескен тактикалық іс-қимылдар барысында ҚР ҰҚК бөлімшелерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болды.

"Спрут-2020" кешенді жедел-тактикалық оқу-жаттығуы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің халықаралық терроризм мен экстремизмнің өзге де көріністерінен туындайтын қауіп-қатерге қарқынды қарсы тұру ісінде күш-жігерін біріктірудегі кезекті қадам болды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар іс-шара барысында жағдайды бағалауға бірыңғай тәсілді және террористік қауіп-қатер әкелушілер мен олардың қайнаркөздерін жоюға бағытталған тиімді шаралар жүйесін әзірлеу пысықталды.

Оқу-жаттығу қорытындылары бойынша бөлімшелер қойылған міндеттерді сәтті орындап, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы тарапынан жоғары баға берілді.

https://www.youtube.com/watch?v=725ArD94oTQ&feature=emb_logo