Павлодар облысында мас күйінде қызметтік көлікті басқарған ауыл әкімі ұсталды, - деп хабарлады Павлодар облыстық соты. Полицейлер Курчатовтағы қиылыстың бірінде Май ауданы Ақжар ауылының әкімі басқарған қызметтік көлікті тоқтатқан. "Курчатовтағы әріптестеріміз оқиға туралы хабардар етті, біз мән-жайын білу үшін дереу сол жерге аттандық. Ауыл әкімі жұмыс уақытынан тыс уақытта, яғни сенбіде кешке қала ішінде қызметтік көлікті мас күйінде жүргізген", - деді Павлодар облысы этика жөніндегі уәкіл Дидар Ыбыраев. Бұл ақпаратты Май аудандық сотының баспасөз қызметі растады. Медициналық сараптама көрсеткендей, шенеунік қызметтік көлікті орташа деңгейдегі мас күйінде басқарған.
"Сот қаулысымен құқық бұзушы Әкімшілік кодекстің 608-бабы 1-бөлігі ("Көлік құралын масаң күйдегі адамның басқаруы") бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды", - депді соттың баспасөз қызметіндегілер.