Динара шахматтан жаңа рекорд орнатты
Динара шахматтан жаңа рекорд орнатты
168
оқылды

Динара Сәдуақасова қазақстандық шахматта жаңа рекорд орнатты

Англияның Мэн аралында Grand Swiss Халықаралық шахмат турнирі аяқталды. Бұл FIDE турнирлерінің ең ірі жарыстарының бірі – 11 турға созылатын ең ұзақ жарыс.

Қазақстанның шахмат федерациясынан мәлімдегендей, жарысқа әлемнің 40-тан астам елінен 150 мықты шахматшы қатысты.

Турнирдің деңгейін Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Левон Аронян және әлемге белгілі өзге де шахматшылардың қатысуынан-ақ білуге болады.

Қатысушылардың орташа рейтингі 2605-ті құрады. Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова сәтті өнер көрсете білген. Ол әйелдер арасында үнді спортшысы Харика Дронаваллимен 1 және 2-орындарды бөлісті.

«Бұл өзімді көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. Күн сайын мықты ойыншылармен ойнайсың. Бар күшімді салдым. Бұған үлкен қобалжуды қосыңыз. Не дегенмен – үлкен дистанция ғой. Менің барлық қарсыласым әлемдік шахмат элитасы – «алтыжүздіктер» тобындағы гроссмейстерлер. Бұл құрам мені үрейлендірген жоқ, керісінше, өзімді тексеруге құлшыныс тудырды», - деді Динара.

Grand Swiss турнирінен кейін Д. Сәдуақасованың рейтингі 2505 болды. Енді ол әлемнің ең мықты шахматшылары арасында 11-орында тұр. Бұл – қазақстандық әйелдер шахматы үшін рекорд.