Желідегі жазба үшін жазаланған жігіт
Желідегі жазба үшін жазаланған жігіт

Атырауда 22 жастағы тұрғын Instagram желісіндегі жазбасы үшін жауапқа тартылды. Әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған аудио және бейнематериалдар тексеріліп, нәтижесінде Қазақстан аумағында тыйым салынғаны белгілі болды.

Облыстық Полиция депар­таментінің баспасөз қызметі та­ратқан ақпаратқа сүйенсек, атырау­лық жігіттің Instagram-да Ибн әл-Джаузи есімді дінтанушының идея­ларын насихаттап, уағызын таратқан. Діни сараптама өткізіліп, аталған аудиоматериалдар мен бей­нежазбаларды таратуға еліміздің аумағында тыйым салынғаны бел­гілі болып отыр. Осыған сәйкес, жігітті жа­уап­­кершілікке тартқан. Нақты­рақ айтқанда, Қазақстан Рес­публикасының Әкімшілік құқық­­бұзушылықтар туралы ко­декс­інің 453-бабына сәйкес айып тағылып отыр. Соттың үкімімен оған 20 АЕК, яғни 55 560 теңге көлемінде айыппұл салынып, әлеу­меттік желідегі парақшасын өшірген. Бұдан бөлек, Атырауда соңғы кездері мұндай оқиғалардың кө­бейгені туралы да мәлімет бар. Айталық, соңғы уақыттың өзінде Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 453-бабы бо­йынша тағы төрт адам жауапқа тартылған. Мысалы, біреуі Еги­пет­те діни бағыты күмәнді уни­верситетте білім алғаны анық­талған. «ВКонтакте» желісіндегі парақшасында дәстүрлі емес исламды насихаттайтын, белгілі идеологтардың уағызын жариялап, таратқан екен.

Айша ЕРСҰЛТАН