Жамбылдық филиалда жаңа тағайындау
Жамбылдық филиалда жаңа тағайындау
146
оқылды

Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл туралы филиалдың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Нарбаев Болабек Жанбекұлы тағайындалды.

Болабек Нарбаев 1963 жылы 27 желтоқсанда туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «гидромеханик», 2007 жылы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ды «мемлекеттік жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Тас-Өткел құрылыс мекемелері дирекциясының инженері болып бастаған. Әр жылдары «Жәнібек және К» фирмасының директоры, «Сұйытылған газ» ААҚ директоры, «Мұнай Сауда Ойл» ЖШС директоры, Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің директоры, аталған басқарманың жүйке аурулары интернат үйінің директоры, бесінші және алтыншы шақырылған Тараз қалалық мәслихатының хатшысы, 2016 жылдың қараша – 2019 жылдың наурыз айлары аралығында Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2019 жылдың наурыз айынан осы күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігі Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметінде болды. 2003 жылдан Nur Otan партиясының мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.