Жарқын бастамаларға жол ашады
Жарқын бастамаларға жол ашады
117
оқылды
Қоғам белсенділері Пар­ламент Мәжілісінің алдағы сайлауы айрықша маңызды деп санайды. «Рухани жаңғыру» қазақстан­дық қоғамдық даму институты Басқарма төрағасының орынба­сары, саяси ғылымдар докторы Әсем Қайдарованың пікірінше, алдағы сайлау бұған дейінгілерден мүлдем өзгеше болмақ.
– Мәжіліс депутаттарын сай­лау елдегі азаматтық қоғамның белсенділігінің артуымен сәйкес келіп тұр. Бұл алдағы сайлаудың бұрынғыдан гөрі басқаша бола­тынын көрсетеді. Қазақстандық қоғам да одан оң өзгерістер күте­ді. Жаңа үрдістер, жаңа бағыт, жал­пы осылардың бар­лығы сайып кел­генде жарқын бастамалар­ға жол ашады, – дейді Әсем Қайдарова.
Белгілі телерадиожүргізуші Айгерім Есенәлі де кезекті сай­лау­ға ерекше сеніммен қарайды.
– Биыл Қазақстан тарихында алғаш рет Праймериз өткізіліп, республиканың барлық өңірінде жаңа саяси процесс іске қосылды. Оған естеріңізде болса, өз бағдар­ла­маммен мен де қатыстым. Праи­̆меризге тіркелгендердің 29 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар екен. Шыны керек, бұл партияі­шілік сайлау белсенді әрі сауатты жастардың саяси өмірге арала­суына жол ашқанын аңғартады. Енді алдағы Парламент сайлауы­нан кейін дәл сол жас депутаттар да іске кіріседі... Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы кезекті Парламент сайлауының датасын бекітті. Биыл сегізінші рет өтейін деп отырған бұл сайлау бұрынғы­лардан өзгерек болатынға ұқсай­ды. Ең бастысы, «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам», – дейді журналист.
Айта кетейік, 21 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттардың кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді, ал ертеңінде Қазақстан халқы Ассам­блеясының атынан түсетін депу­таттардың сайлауы болады.

Айдар ДӘУІТҰЛЫ