Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жанашыр кәсіпкерлер мен ауыл жастары бірлесіп, көмекке мұқтаж тағдыр тауқыметін тартқан жандардың бірі, ауыл тұрғыны, 8 баланың анасы, жалғызбасты Рыскүл Торыбаеваға 6 бөлмелі үй салып берді.
Басыбайлы баспанаға қол жеткізген балалардың қуанышында шек жоқ. Қиындықтан құтылған ана мейірімді жандарға алғыс айтты.Бұған дейін 2000-ға жуық адамға көмек берілді. Отбасылар азық-түлік, киім-кешек, материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде, 35 отбасына тұрғын үй алып берілсе, 100-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтып, 178 адам қоғамдық жұмысқа тартылған.