АҚШ "Бейбітшілік қайнары" үшін Түркияға салынған санкцияларды алып тастады
АҚШ "Бейбітшілік қайнары" үшін Түркияға салынған санкцияларды алып тастады
73
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияның Сирия Араб Республикасы аумағында жүргізген«Бейбітшілік қайнары» операциясына қарсы салынған санкцияны алып тастады. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

«Мен қаржы министріне 14 қазанда Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтерге зорлық көрсетуге қатысты Түркияға қарсы салынған санкцияларды алып тастауды тапсырдым. Санкция бізге ұнамаған әрекеттер болмағанға дейін алынып тасталады», - деді Трамп.

Еске салсақ Түркияның Сирияда жүргізген «Бейбітшілік қайнары» операциясына байланысты АҚШ Қаржы министрлігі санкциялар Түркияның Қорғаныс және Энергетика министрлігіне, сондай-ақ аталған министрліктер басшылары Хулуси Акар мен Фатих Донмезге салынғанын хабарлаған еді. Сонымен қатар қара тізімге Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Сүлейман Сойлу да енді.

17 қазанда Түркия мен АҚШ операцияны уақытша тоқтату туралы келісімге келді. Ал 22 қазанда Мәскеуде Путин мен Ердоғанның кездесуінен кейін РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Сирияның солтүстік-шығысындағы «Бейбітшілік қайнары» операциясының тоқтатылатынын хабарлады.