Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған монета айналымға шығады
Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған монета айналымға шығады
311
оқылды

Қазақстан Ұлттық банкі баспасөз қызметінің хабарлауынша, номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан «JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL» коллекциялық монеталары айналымға шығады.

Монеталарды шығару Қазақ КСР Халық жазушысы, «Қыран дала», «Мен қазақпын», «Жыр туралы», «Сел» және басқа да шығармалардың авторы, қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орайластырылған. Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайтында хабарланады. «JUBAN MOLDAǴALIEV. 100 JYL» монетасының сипаттамасы: Монетаның аверсінде орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра «QAZAQSTAN  ULTTYQ  BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар.   [caption id="attachment_81959" align="aligncenter" width="675"]Жұбан Молдағалиев Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметінен алынды.[/caption] Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 TEŃGE» деген жазу бар. Монетаның реверсінде Жұбан Молдағалиевтің портреттік бейнесі орналастырылған. Сол жақта мерейтойлық датасы мен соғылған жылын білдіретін «100 JYL», «2020» деген жазулар бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде «JUBAN MOLDAǴALIEV» деген жазу бар. Техникалық өлшемдері: Монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы «brilliant uncirculated», номиналы 100 теңгелік, таралымы – 7 000 дана. Монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Жұбан Молдағалиевтің портреттік бейнесі кескінделген номиналы 100 теңгелік коллекциялық монеталармен төлем жасауға болады. Сондай-ақ айырбасталады, ұсақталады.