Қазақстан Doing Business рейтингінде Ресейді артта қалдырды
Қазақстан Doing Business рейтингінде Ресейді артта қалдырды

Дүниежүзілік банк «Doing Business» бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша рейтингте Қазақстанның позициясын 3 тармаққа – 28-ден 25-ке дейін көтерді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Дүниежүзілік банк жыл сайын бизнесті жүргізу жағдайларының қолайлылығы бойынша 190 мемлекеттің рейтингін жариялайды. Талдау 10 көрсеткіш бойынша жүргізіледі, оның ішінде жаңа бизнесті құруға жұмсалатын уақыт және ақшалай қаражат шығындары, құрылысқа рұқсат алу, электр энергетикасы инфрақұрылымына қолжетімділік, меншік құқығын тіркеу, несиелер алу, миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау, салық салу, халықаралық сауданы жүзеге асыру т.б. бар. Қазақстан Исландия (26 орын), Австрия (27 орын), Ресей (28 орын), Жапония (29 орын), Испания (30 орын), Армения (47 орын), Беларусь (49 орын), Қырғызстан (80 орын) және көптеген басқа елдердің алдына шықты. Doing Business рейтингісінде Жаңа Зеландия, Сингапур және Гонконг көш бастап тұр