Жүк көлігінде табылған 39 мәйіт тірідей қатып қалған
Жүк көлігінде табылған 39 мәйіт тірідей қатып қалған
95
оқылды

Жүк көлігінде болған 39 адам тірідей мұздап қалып, жан тапсырған. Олар мигрант болуы мүмкін. Бұл туралы Daily mail хабарлайды.

Бұған дейін Ұлыбританияда жүк көлігінің ішінен 39 мәйіт табылған еді. Құқық қорғау органдары жүк көлігінің Болгариядан келуі ықтимал екенін, мемлекет аумағына Уэльстегі Холихэд қалашығы арқылы жеткенін айтқан еді.

39 адам тар контейнер-тоңазытқышқа тоғытылған. Ауа температурасы 25 градустан төмен болған. Басылым адамдардың айқайлағандарын, бірақ контейнер-тоңазытқыштан дауыс естілмеген деп топшылайды. Салдарынан олар тірідей қатып,жан тапсырған.

Жүк көлігінің жүргізушісі ирландиялық Мо Робинсон адам өлімі айыбымен тұтқындалды. Жүк көлігінде адамдардың болғанынан оның хабардар екені қазір тексерілуде.