Мемлекет басшысы заңды бұзған судьялар жауапқа тартылатынын айтты
Мемлекет басшысы заңды бұзған судьялар жауапқа тартылатынын айтты
5,108
оқылды

Президент Судьялар академиясының жұмысы туралы айтты.  

«Судьялар академиясына сұрақтар бар. Қазіргі уақытта 60 түлектің 7-еуі ғана судьялыққа барады. Бұған қоса, оларды дайындау мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Олар тағылымдамада жалақының 70 пайызын алып отырады», – деді Мемлекет басшысы. Президент сот саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі әлі де шешілмегенін тілге тиек етті.

«Қоғамның мемлекетке деген сеніміне жемқорлық, қылмыстық сыбайластық, біліксіздік айтарлықтай нұқсан келтіріп отыр. Мені әлі күнге дейін осындай нақты фактілер туралы көптеген хат пен өтінімдер аламын. Заңды бұзған судьяға сұранымды қатаңдату қажет деп есептеймін. Әрине, қатаң шаралар ғана жеткіліксіз. Тиісті сот әдебін де өркендету керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.