Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
22 қазанда Темір аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын өз үйінің ауласынан ер адамның мәйітін тапқаны туралы хабарлаған. Екеуі де жоғары білімді. Күдіктінің жасы 43-те.«Темір аудандық білім бөлімінің хабарламасы негізінде Ж.Кереев атындағы мектептің дене шынықтыру және тарих пәні мұғалімдерінің төбелескені анықталды. Төбелес дене шынықтыру пәні мұғалімінің үйінің ауласында түскі мезгілде болған. Салдарынан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Берік Елтезеров қайтыс болды. Тергеу жүргізілуде», – деді облыстық білім басқармасы басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменова.
«Жедел-тергеу тобы қайтыс болған адамның жеке басын анықтады. Ол пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған факті бойынша күдікті анықталып, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.