Алматы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына тыныс жолында екі ай бойы темір қысқыш жүрген науқас түсті.
Қысқыш бронхқа терең еніп, түйіршіктеніп, іріңдеген. Осының салдарынан абсорбциялық пневмония басталған. Науқас өкпенің бір бөлігінен айырылып қалуы мүмкін еді. Алайда Алматы ЖШККА дәрігерлері эндоскопиялық отаның көмегімен затты алып шықты.«Қыстырғыштың өлшемі 6 мм де 5 мм, едәуір үлкен. Эндотрахеальды түтік пен бронхоскоптың көмегімен біз қыстырғышты алып тастадық. Бұл жұмыс филигранды, отадан кейін асқынулар болмауы үшін тіндерді зақымдамау маңызды болды. Ең қиыны бөтен дене тереңдей кіріп, тіпті көрінбей кеткен», – деді ғылым докторы, аурухананың эндоскопия бөлімінің бронхологы Лариса Пюрова.