Демалыс күндері жаңбыр соңы қарға ұласады
Демалыс күндері жаңбыр соңы қарға ұласады
Синоптиктер 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Қазақстанның басым бөлігіңдегі ауа-райына Финляндия аймақтарынан келетін ылғалды циклон әсер етеді.
Жаңбырдың соңы қарға ұласады, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Сондай-ақ циклоннан ауа температурасы аздап жылиды.