Тоқаевтың мансабын анықтауға не түрткі болды?
Тоқаевтың мансабын анықтауға не түрткі болды?

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің барлық тілдерін оқытатын Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты өзінің өмір жолын айқындауда бас рөл атқарғанын мойындады деп жазады Zakon.kz.

Ресейлік телеарнада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының тарихынан сыр шерткен бағдарлама көрсетілді. Білім ордасының белді түлектері қатарында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, ресейлік кәсіпкер және өзбек меценаты Әлішер Усманов, сондай-ақ Қазақстан Президенті де бар.

Тоқаев өз сұхбатында бұл білім ордасы өзінің өмір жолын айқындағанын ашық айтады.

"ММХҚИ-сыз керемет мансап жасай алмас едім деп ойлаймын. Әсіресе БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеуім туралы сөз болғанда, әсіресе. Сондықтан, ММХҚИ халықаралық бренд деп айтсақ, бұл асыра сілтеу болмайды", - деді Қазақстан Президенті.

Тоқаев 10-сыныпта оқып жүргенде, осы институтқа оқуға түсуге бел бұған. Сол кезде-ақ ол институт ректорына хат жазып, онда қабылдау ережелері туралы айтып беруді сұраған.

"Мен қатты таң қалдым. Себебі олар мұндай хаттарға жауап беретінін білмеппін. Қалай дегенмен де жауап хат қолыма тиді. Менің құжаттарымды қабылдады. 4 шілдеде мен бірінші емтиханды тапсырдым, ал 11 шілдеде - соңғысын. Келесі күні болса, мені қала маңына картоп теруге жіберді".

Тоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігінің ММХҚИ-ға 1970 жылы түсіп, бесінші курста жарты жылға диполм алдындағы практикадан өту үшін ҚХР-дағы КСРО елшілігіне жіберілді.