Автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес беріледі. Себебі, күз мезгілінің келуіне орай жол-көлік оқиғаларының болу қаупі жиілейді, -деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қазгидромет» дерегі бойынша, қараша айында жауын-шашын болып (көбінесе қар), боран соғып, екпінді жел, сондай-ақ еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Сондықтан республика жолдарында көлік құралдарының қозғалысына ерекше назар аудару қажет», - делінген хабарламада.Ведомство жазғы шинаны қысқыға ауыстыру жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін айтады.
«Ауа температурасының төмендеуінен, сондай-ақ жауын-шашын болған жағдайда жолдың бетінде көктайғақ болуы мүмкін. Соның салдарынан жазғы доңғалақтың тежелуі нашарлайды.Сол себепті жол-көлік оқиғалары жиілеуі мүмкін. Көліктің доңғалағын қысқы шинаға ауыстырмаған жүргізушілер тізгінге ие бола алмай, жолда күтпеген оқыс оқиғаларға тап болуы әбден мүмкін. Осылайша, олар өздерінің және жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді», - делінген хабарламада.