Túrkistan газетінің Atajurt жобасы таныстырылды
Túrkistan газетінің Atajurt жобасы таныстырылды
692
оқылды

Túrkistan халықаралық газетінің Atajurt айдарын таныстыру және алыстағы ағайынмен рухани-мәдени, ақпараттық байланыс орнату мақсатында шетелдегі қандастарымызбен онлайн конференция өтті.

 «Отандастар қоры», Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Халықаралық Тúrkistan газеті бірлесе отырып ұйымдастырған шараға Швеция, Түркия, Германия, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, Моңғолия және тағы да басқа алыс-жақын шет елдердегі қазақ мәдени ұйымдары мен орталықтарының басшылары, диаспора өкілдері қатысты. Atajurt Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсінбаев, Сыртқы істер министрлігі Консульдық қызмет департаменті қазақ диаспорасымен жұмыс істеу басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, «Отандастар қоры» вице-президенті Мағауия Сарбасов, Túrkistan халықаралық газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай сөз сөйлеп, пікірлерін білдірді. Қандастарымыз алдағы уақытта газет ұжымымен тығыз байланыс орнатып, ақпарат алмасуға мүмкіндік туғанына қуанышты екендерін айтып, атамекендеріне, қандастарға деген лебіздерін жеткізді. Газеттің жұмысына табыс тілеп, пікірлерімен бөлісті. Алыс-жақын шет елдегі және елге оралған қандастардың тыныс-тіршілігін таныстыру мақсатында ашылған Atajurt жобасы 1 жылға жуық уақыт бойы отандастардың жетістіктерін жариялап, түрлі мәселелерінің шешілуіне атсалысып келеді. Жоба әрі қарай да жалғасын таппақ.