Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет AMANAT

Атырау облысының дамуы фракция отырысында талқыланды

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ
Қазан 24, 2019
638
қаралым

Nur Otan партиясы облыстық филиалында Атырау облыстық мәслихатындағы Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті.

Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлыбек Ожаевтың төрағалығымен өткен фракция отырысына облыс әкімінің орынбасары А.Әжіғалиева қатысты.

Фракция отырысының күн тәртібінде 2016-2020 жылдарға арналған Атырау облысының аумағын дамытудың қолданыстағы бағдарламасын іске асыру барысы және проблемалық мәселелері туралы баян етілді.

Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы  Айдар Нұралиевтың айтуынша, еліміздің Ұлттық экономика министрлігімен 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 2016-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізуі бойынша тиімділігін бағалау жүргізілді.

Баян етілгендей 2018 жылдың қорытындысы бойынша Аумақты дамыту бағдарламасының тиімділігін бағалау кезінде есепке алынған 23 мақсаттың 15-не толық қол жеткізілген. Бағаланатын кезең үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бюджеттік даму бағдарламаларын тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтың болмауы, бюджеттік даму бағдарламаларының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу жоғары көрсеткішке жеткен. Аталған бағалау нәтижесінің қорытындысы бойынша, Атырау облысы өңірлер арасында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан кейінгі 3 орынға ие болып отыр.

Айдар Нұралиевтің айтуынша 2019 жылға жоспарланған Аумақтық даму бағдарламасы 3 бағыт, 21 мақсат, 47 нысаналы индикатордан құралған. «2018 жылы Атырау қаласы және аудандар бөлінісінде бағдарламада көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша оң динамиканы көруге болады. Бұл нәтижеге атқарылған жұмыстар мен алынған шаралардың қорытыныдысымен қол жеткізілді деп есептеймін» деп проблемалық мәселелерге тоқталып өтті.

Айтар болсақ бағдарламаның жүзеге асырылуы бойынша орталық деңгейде Министрліктер арасында байланыстың, яғни үйлестіруші органның болмауы, Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілетін көрсеткіштердің базалық тізбесін 5 жылдық мерзімге бір рет бекітілмеуі мен

көрсеткіштердің базалық тізбесіне өңірдің атқарушы органдары тікелей ықпал ете алмайтын нысаналы индикаторларының енгізілуі секілді проблемалар бар. Осы үш проблема бойынша ұсыныс айтқан Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысын фракция мүшелері қолдап, оған сауалдар жолдады.

Тегтер: Nur OtanАтыраужиынмәслихатфракция

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мадридтік «Реал» 14-рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Қазақстандық жеңіл атлет АҚШ-тағы турнирде қола жүлдеге ие болды

Оралда қантқа таласқан адамдардың видеосы тарады

Алматы мен 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

Жүк көлігіне тиелген 10 тонна өсімдік майы өртеніп кетті

Елорда әкімі Мырзатай Жолдасбековті 85 жасқа толуымен құттықтады

Оралда пойыз ер адамды қағып кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»