Шарм-эль-Шейхтен ПТР анықтамасыз ұшып келген Нұр-Сұлтанның екі тұрғыны әуежайдан қашып кетті.
«Бүгін түнде Шарм-эль-Шейхтен ПТР анықтамасыз ұшып келген Нұр-Сұлтанның екі тұрғыны арнайы автобусқа отырғызу кезінде қашып кеткен. Олар коронавирусқа тест тапсыруы керек болатын», – деді Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері олардың мекенжайын анықтап, карантиндік стационарға жеткізді. Енді оларға 30 МРП (83 340 теңге) айыппұл салынатын болады.
Еске сала кетейік, 23 қазанға қараған түні Қазақстанға 1291 жолаушысы бар 11 халықаралық рейс ұшып келген.«Олар ерлі-зайыпты және Шарм-эль-Шейхтен ұшып келген. Біреуі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкері», – деді Сәдуақас Байғабылов.