«7-20-25»: Несие алуға 42 846 өтінім қабылданды
«7-20-25»: Несие алуға 42 846 өтінім қабылданды
98
оқылды
Елімізде «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша несие алуға 42 846 өтінім қабылданды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша несие алуға 499,1 млрд теңге сомасына 42 846 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 224,5 млрд теңге сомасына қарыз беруге 19 242 өтінім мақұлданды. Еске салайық, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына – 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна – 20% бастап. Несие мерзімі – 25 жыл.