Қыс қандай болады?
Қыс қандай болады?
219
оқылды

Алдын-ала болжам бойынша, қараша айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады деп күтілуде, тек елдің батысы мен шығысында нормадан асады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазгидромет мамандары айтты.

«Қазгидромет» директоры Марина Шмидттің айтуынша, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады, оңтүстікте және солтүстік-шығыста нормадан көп, республиканың оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп күтіліп отыр.

–Қыстың алғашқы екі айында республиканың басым бөлігінде салыстырмалы түрде жылы болады деп күтілуде. Желтоқсанда жауын-шашын болады, бұл циклондардың және онымен байланысты атмосфералық фронттардың Қазақстан арқылы жиі өтуіне байланысты болады,– деді М.Шмидт. 

Қазгидрометтің ұзақ мерзімді ауа-райын бақылау бөлімінің басшысы Жұлдыз Исабекова атап өткендей, ақпан айында ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа төмен болады. Бұл Қара теңізден суық ауа массаларының келуі мен Сібір антициклона байланысты.